ШҚО прокуратурасы құны 5,5 млрд. теңгені пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтарды

ШҚО прокуратурасы құны 5,5 млрд. теңгені пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтарды

Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жерді қайтару жұмыстары туралы айтып берді. Негізгі жұмыс пайдаланылмаған және бұзушылықпен берілген жерлерді алуға, содан кейін оларды шынымен мұқтаж азаматтар мен кәсіпкерлерге ұсынуға бағытталған.

Өткен жылы прокурорлық қадағалау актілері негізінде кадастрлық құны 5,5 млрд. теңге болатын ауданы 36,9 мың га 533 жер учаскесін қайтару қамтамасыз етілді.

Мысалы, облыстың экс-шенеуніктерінің біріне бұрын тиесілі болған Өскемен қаласындағы 4 учаске, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы 3 учаске10 жыл бойы пайдаланылмаған.

Аталған жерлер қабылданған шаралармен мемлекет меншігіне өтті. Жердің нарықтық құны 4,8 млрд. теңгені құрды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы