Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында бизнесті қорғау бойынша Эксперттік кеңестің отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында бизнесті қорғау бойынша Эксперттік кеңестің отырысы өтті

ШҚО прокуратурасында облыс прокурорының м.а. Таутенов Мейрам Мұңайтпасұлының төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтардың, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының, Ертіс бассейндік инспекциясының, экология департаментінің және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес мүшелерінің назарына бизнесті қорғау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат жеткізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бизнесті 40-тан астам заңсыз тексерудің жолы кесіліп, жойылды, 6 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, Бас Прокурордың оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу кезінде кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге қатысты нұсқауының негізгі ережелері жария етілді.

Енді залал туралы тиісті қорытындысыз және азаматтық-құқықтық мәмілелердің орындалмауына негізделген бұзушылықтар кезінде қылмыстық істерді заңсыз тіркеуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге аудиторлардың қорытындыларына шағымдану мүмкіндігі беріледі, содан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған мектептерде тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі проблемалары, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру кезіндегі шектеулер қаралды

Азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы жағдайында жыл басынан бері жекелеген позициялар бойынша бағаның 85% дейін өсуіне байланысты балаға ағымдағы бөлінетін соманың жеткіліктілігі мәселесі өткір тұрғаны атап өтілді.

Мәселе облыс әкімдігімен пысықталды, оң шешім күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар бірқатар ұсыныстар айтып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту бойынша қосымша шараларды пысықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша М.М.Таутенов жұмыс тобы мүшелерінің алдына нақты міндеттер қойып, одан әрі бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар берді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

              Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы