Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге өтелді

Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге өтелді

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың басында прокуратура органдары кеден саласында тексерулер жүргізді.

Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (бұдан әрі – СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополиялағанын көрсетті.

Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өзара бөлді.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырды.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Мемлекеттік кірістер Комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық Кодекстің 236- бабы-кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгінгі таңда СЭҚ-тың 7 қатысушысы ("Tex Alliance" ЖШС, "Almobi Group", "Ехргеѕѕ Кеден Сервис", "Group of the companies TDA", "Ai-To Progress", Global Logistics Ved" және "TL NIKA кеден") қабылдаған шаралармен бюджетке 21 млрд теңге өтелді.

Қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебінен жалғасуда.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі