Облыс прокуратурасында Эксперттік кеңес отырысы өтті

Облыс прокуратурасында Эксперттік кеңес отырысы өтті

 

ШҚО прокуратурасында облыс прокуроры Алмат Байшолақовтың төрағалығымен Эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, ШҚО кәсіпкерлік басқармасының, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, бизнес-қауымдастықтардың және т. б. өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бюджеттік гранттар ұсыну кезінде туындайтын кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, уәкілетті органның жұмысында 2020-2021 жылдары гранттарды бөлу кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктер (шарттарды уақтылы жасамау, гранттар сомасының азаюы, конкурсқа өтінімдерді қабылдамау және т.б.) анықталды.

Сондай-ақ, бизнес омбудсменмен кездесуде кәсіпкерлердің жұмыскерлерге экологиялық төлемдерді төлеу бойынша проблемалық мәселелері, кредиттік серіктестіктердің «Ертіс ӘКК» АҚ алдындағы берешегін өтеу мәселелері қаралды.

Аталмыш мәселелерді талдау және талқылау нәтижелері бойынша кеңеске қатысушылар айтылған проблемалар мен жағдайды түзету үшін бірқатар ұсынымдар айтылды. Тараптар салалық министрліктер мен Бас прокуратура алдында ұсыныстарға бастамашылық ету туралы келісімге келді.

Осы жылдың өткен кезеңінде облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне қатысты бизнесті 30-дан астам заңсыз тексеруді бұзып, 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры жұмыс тобының мүшелеріне нақты міндеттер қойып, одан әрі бірлескен жұмыс жөнінде ұсыныстар берді.

                                Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы