Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтамыз!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтамыз!
Құрметті журналисттер!
 
 
Біздің елімізде журналист мамандығы ерекше орын алады. Жоғары кәсіпқойлық, айқын азаматтық ұстаным, болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамау, барлық жаңалықтарға ашықтық және шындықты объективті түрде көрсетуге деген ұмтылыс әрқашан оның айрықша сипаттамалары болды.
 
Сіз мұны күнделікті күрделі жұмысыңызбен нақты растайсыз, қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы ең өзекті мәселелерге назар аударасыз.
 
Әсіресе, құқықтық мәселелерге көңіл бөлгеніңізге қуаныштымын және ризамын. Сіздің шынайы репортаждарыңыз бен мақалаларыңыз тек құқықтық қана емес, әлеуметтік тақырыпта да назардан тыс қалмайды. Олардың барлығы мұқият зерделеніп, әрі қарайғы жұмыста қолданылады.
 
Біздің өзара ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да дамып, нығая түсетініне сенімдімін.
 
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық биіктерге жетуді, алдағы идеялар мен жобаларды табысты іске асыруды, Сізге және жақындарыңызға денсаулық пен амандық тілеймін!
 
 
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры
А. Байшолақов