Жер қатынастары саласында заңдылықты сақтау туралы

Жер қатынастары саласында заңдылықты сақтау туралы

   

Президент Қазақстан халқына Жолдауларында республикамыздың дамуындағы жер қатынастары саласының ерекше рөлін айқындады. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану экономикалық өсуге ғана емес, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне де әсер етеді.

       Облыстың прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағыттағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

       Тек соңғы үш жылдың ішінде бірлескен күш-жігермен мемлекетке 120 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды. Жер учаскелерін конкурстар өткізбей беру фактісі, босалқы жерлерді айналымға уақтылы тартпаудың жолын кесу, жер қатынастары жұмысында үстірттілікті жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.

       Абай және Жарма аудандарында жерді пайдалану келісім шарттарында жер қатынастары бөлімдері 293 кәсіпкерді 3 жұмыс күні ішінде жалға алу төлемін растауды міндеттеді, бірақ бұл заңда қарастырылмаған. Сонымен қатар, түбіртек берілмеген жағдайда шарттарды біржақты тәртіппен бұзу көзделген.

       Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен мемлекетке кадастрлық құны 286 млн.теңге құрайтын 30 мың гектардан астам жер қайтарылды, 27 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

       Жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері облыс әкімінің орынбасары, уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен облыс прокурорының төрағалығымен өткен облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында қаралды.

       Алқа қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар берумен қадағалау актілері енгізілді.

       Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

                                  Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы