ШҚО прокуратурасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды

ШҚО прокуратурасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды

       

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстарға бай. Оларды қорғау және ұтымды пайдалану біздің аймақ үшін ең өзекті болып қалуда.  Мемлекет Басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударады, бұл Қазақстан халқына Жолдауларында және басқа да қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерде көрініс табады.

         Облыстың прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табиғи ресурстарды пайдалану кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізді.

Ағымдағы жылы табиғи ресурстарды қорғау саласында бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қосымша ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер анықталды.

         Атап айтқанда, Глубокое ауданында кәсіпкерлік субъектілері арнайы кәдеге жаратпай, Өндірістік қалдықтарды ашық жерге орналастыру фактілері анықталды. Аталған тәртіп бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, залал анықталуда.

        Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде, тек Бұқтырма су қоймасының жағалауында құрылыс жүргізудің заңдылығын тексеру кезінде прокуратура инспекцияның рұқсатынсыз салынған 200-ден астам құрылысты анықтады.

        Орман пайдалану құқығын басқаға беру практикасын қайта қарау жөнінде шаралар қабылданды, бұл бақылаусыз ағаш кесу фактілерінің азаюына оң әсерін тигізеді.

         Кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша материалдарды жинау, су объектілері мен атмосфералық ауаның ластануы туралы хабарламалар бойынша шаралардың тиімділігі мен уақтылығын бағалау және тексеру объектілерін айқындау кезінде уәкілетті органдардың жұмысындағы проблемалық мәселелер айқындалды.

        Жүргізілген жұмыс нәтижелері облыс прокурорының төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында уәкілетті органдарға олардың жұмыс сапасын арттыру және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде нақты ұсынымдар беріліп қаралды.

        Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

                 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы