Негізгі процестік шешімдерді келісімдеу тәжірибесі туралы

Негізгі процестік шешімдерді келісімдеу тәжірибесі туралы

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыстың құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен өткен ведомствоаралық жедел кеңес отырысында электрондық форматтағы негізгі процестік шешімдерін келісу бойынша жұмыстың аралық қорытындыларын қарады.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Мемлекет Басшысының қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған негізгі процестік шешімдерді прокурормен келісу туралы тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған Заң күшіне енген.

Облыс прокуратурасы қылмыстық процессуалдық кодексінің процестік шешімдерін келісу бөлігіндегі өзгерістерін іс жүзінде іске асыруға барынша күш салды. Бұл бағыт оның тергеу сапасына әсерін ескерумен, басымды бағыт ретінде белгіленген және  ерекше бақылауда.

Прокурорлар өңірдің қылмыстық қудалау органдарының он жеті мыңнан астам негізгі процестік шешімдерін тексерді. Оның ішінде 16,5 мыңнан астамы келісілді және бекітілді, 551 шешім бойынша келісуден бас тартылды. Негізгі процестік шешімдерді келісуден бас тартудың үлес салмағы бар болғаны 3,2% құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу басталғаннан бері прокурордың жауапкершілігі артты, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарына қосымша кепілдіктер берілді, азаматтардың қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартылуы барынша азайтылды. Бүгінгі күні облыс прокуратурасы 18440 шешімді келісіп (бекітті), 652 шешім бойынша келісуден бас тартылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы 2 есеге азайды. Істерді соттың дәйектеуіне қайтару фактілері барынша азайтылды. Орташа республикалық көрсеткіштен (13,1%) төмен, мерзімі бұзылған аяқталған қылмыстық істер саны (9,2%).

Талқылау нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органдарына тиісті ұсынымдар берілді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы