Электрондық қылмыстық істер бойынша заңдылықтың жай-күйі туралы

Электрондық қылмыстық істер бойынша заңдылықтың жай-күйі туралы

Осы жылдың 20 тамызында облыс прокуроры А.М.Байшолақовтың төрағалығымен полиция органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экономикалық қызметтердің басшыларын шақырумен 2021 жылдың 1 -жартыжылдығында электрондық форматта тергелетін қылмыстық істер бойынша заңдылығының, сондай-ақ олар бойынша сот тәжірибесінің жай-күйі қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, «Электрондық қылмыстық іс» «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Электрондық қылмыстық істердің артықшылығы жеделділік, ашықтық, уақытты, адами ресурстар мен қаражатты үнемдеу болып табылады, ал ең бастысы, мұның бәрі қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қатаң сақтау кезінде орын алады.

Осы мәселенің маңыздылығын ескеріп, облыс прокуратурасы 1 -жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электрондық қылмыстық істерді тергеудің сапасын қамтамасыз етуіне, сондай-ақ тергеу форматын электрондық құжаттан қағазға негізсіз өзгерту фактілері бойынша тексеру жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған бұзушылықтар барынша азайтылды.

Қылмыстық қудалау органдарында іс жүргізуде 8588 іс болды, оның ішінде 6134-і бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру электрондық форматта жүргізілді, бұл жалпы санның 71,7% құрайды. Сотқа 643 іс жіберілді. Бүгінгі таңда 6317 іс электрондық форматта тергелуде, оның 929 сотқа жолданды.

Электрондық қылмыстық істердің 99% астамын полиция органдары тергейтінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеу Департаменті тергейтін істердің үлес салмағы 0,1% ғана құрады.

Қорытындылай келе, облыс прокуроры электрондық қылмыстық істерді тергеу сапасын нақты арттыру, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарын техникалық жарақтандыруын аяқтау үшін шаралар қабылдау бойынша бірқатар басымдықтарды белгіледі.

Бұл бағыттағы жұмыс күнделікті бақылауда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы