Шығыс Қазақстан облысында бизнесті заңсыз тексерудің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында бизнесті заңсыз тексерудің жолы кесілді

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол берілмейтінін атап өттті. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің бизнесті тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы қолданысқа енгізілді.
Жарлық талаптарының сақталуы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында. Жұмыс заңсыз тексерулерді анықтауға және осындай фактілердің алдын алуына бағытталған.
Атап айтқанда, 2020 жылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылды, олар уәкілетті органның шұғыл хабарламаларынсыз жүргізілген болатын.
Осы жылы уәкілетті органдардың тексеру кестесінен 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі алынып тасталды.
Мысалы, Глубокое санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы осы жылдың бірінші жартыжылдығында «Нефрит 13» ЖШС шағын бизнесті тексеруін жоспарлаған.
Басқа жағдайда, Өскемен қаласының ТЖ басқармасы шағын кәсіпкерлік өкілі болып табылатын «Азамат» жеке меншік балабақшасын тексеруді жоспарлаған болатын.
Прокуратураның қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындар тексеру тізімінен шығарылып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.
Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокуратурада ұтқыр топтар және СаІІ-орталық жұмыс істейді, олардың телефон нөмірлері облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған.


Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы