ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғаларды облыс аумағында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыратын үндеулер жиілеп кетті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында 2020 жылдың 6 маусымынан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді, онда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған, яғни оларды өткізу күніне дейін ұйымдастырушы 5 жұмыс күні бұрын әкімдікке қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат форматында хабарлама беруі тиіс, ол хабарлама 3 жұмыс күні ішінде қаралатынын түсіндіреміз (Заңның 10, 11-баптары).

Бұл ретте бейбіт жиналыстар тек арнайы рұқсат етілген орындарда өткізілуі тиіс (Заңның 9-бабы). Бұл үшін жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) осындай орындарды, пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын және оларды материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ пикеттерге кіруге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекараларын айқындады (Заңның 8-бабы).

Сондай-ақ, «Covid-19» індетіне қарсы іс-қимыл мақсатында елде карантин қолданылуда.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 04 маусымдағы №6-2 қаулысымен карантин кезеңінде жабық үй-жайларда да, ашық жерлерде де адамдар көп жиналатын орындарда іс-шараларды, оның ішінде бейбіт жиналыстарды өткізуге тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

 

ШҚО прокуратурасы