Виртуалды ашық есік күніне тіркелу ашық

Виртуалды ашық есік күніне тіркелу ашық

Құрметті магистратура мен докторантураға түсуге үміткерлер!

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Сіздерді Виртуалды ашық есік күніне қатысуға шақырады, онда спикерлер білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантураға түсу туралы айтатын болады:

- «Құқықтану» (дайындық бағыты-Бизнес, басқару және құқық);

- «Құқық қорғау қызметі» (дайындық бағыты-Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс).

Іс-шара 2021 жылғы 28 мамырда сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) Microsoft Teams платформасында өтеді. Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз.

Біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз!