Шығыс Қазақстан облысында жәбірленушілерге 5 млн. теңгеден астам қаражат төленді

Шығыс Қазақстан облысында жәбірленушілерге 5 млн. теңгеден астам қаражат төленді

Мемлекет Басшысы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына 2018 жылдың 10 қаңтарында қол қойды, оның негізгі мақсаты – зардап шеккендерге алғашқы біржолғы материалдық көмек көрсету (емделуге, оңалтуға және т.б.).

Адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап ол 3 жыл ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өтемақы өндіру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екенін еске саламыз.

Жәбірленушілердің үш санаты: жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтан жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасына және азаптауға байланысты қылмыстар бойынша 30 АЕК мөлшерінде; адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген не иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар 40 АЕК мөлшерінде; жәбірленуші қайтыс болған жағдайда 50 АЕК мөлшерінде өтемақы алуға құқылы.

 Қазіргі кезде шамамен 42 азамат 5,5 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. Негізінен қаражат ауыр дене жарақатын алған немесе қасақана өлім-жітімнің, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары салдарынан туыстарынан айырылған жәбірленушілерге төленді.

Бұдан басқа, қала, аудан прокурорлары жалпы сомасы 3 млн.теңгеден асатын регресс тәртібімен Қорға сотталған адамдардан ақша қаражатын өндіру туралы 23 талап-арыз берген. Қалған қылмыстық істер өндірісте, олар бойынша талап-арыздар кейінірек берілетін болады.

Бүгінгі таңда Заңның іске асырылуы, атап айтқанда, қылмыстан зардап шеккен тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, қолданыстағы тетіктерінің ішіндегі ең тиімдісі ретінде оң нәтижелерді көрсетуде, себебі ол сотқа дейінгі тергеу барысында да жәбірленушілерге жылдам көмек көрсету үшін жағдай жасайды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы