2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды.

Аумақта криминогендік ахуалдың біршама жақсарғаны атап өтілді. 2019 жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық және бұзақылық қылмыстарының саны азайған.

Заманауи ІТ-технологиялар қылмысты тіркеуден бастап үкім шығаруға дейінгі барлық сатыларды цифрландыруға мүмкіндік берді. Электрондық форматта органдар бес мыңнан астам қылмыстық істі тергеді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында пайдаланылатын мұндай формат оның ашықтығын қамтамасыз етіп, уақыт ұтымды пайдаланылады.

Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында негізгі шешімдерді келісімдеу бойынша 9 мыңнан астам процестік құжаттар тексеріліп, келісілді. Тергеу органдарының әрекеттерді саралау және қайта саралау туралы 2 мыңнан астам шешімі ертерек кезеңде заңға сәйкес келтірілді. Бұл қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының бұзылуын азайтуға мүмкіндік берді.

Алқа отырысында қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы жұмыс нәтижелері де баянадалды. Жер қатынастары, агроөнеркәсіптік кешен, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу және көші-қон мәселелері бойынша бірқатар маңызды талдаулар жүргізілді. Мемлекеттік бюджетке қадағалау актілері бойынша           1 млрд.теңге өндірілді, жалпы ауданы 40 мың га құрайтын 700-ге жуық пайдаланылмайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Төтенше жағдай режимі жағдайында прокурорлар бірінші кезекте шектеу іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Қала мен аудандарда фармацевтикалық ұйымдарды бақылайтын ұтқыр топтар құрылды.  Шекті бағаны көтергені және заңсыз сауда-саттығы үшін ондаған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бағаны көтеруден басқа, фармацевтикалық қызметке рұқсаты жоқ тұлғалардың дәрі-дәрмектерді сату фактілері тіркелді. 9 мың медициналық бетперде мен қолғап, сондай-ақ 1800 литрден астам спирті бар өнімдер алынып, денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырылды.

Бизнесті қорғау жөніндегі ұтқыр топтардың жұмысы қайта құрылып жандандырылды. Барлығы 100-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Мониторингтік топтар жүргізген тексеру нәтижелері бойынша оларды заңсыз жауапкершілікке тарту фактілерінің жолы кесілді.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру мақсатында бизнесмендердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Эксперттік Кеңес жұмысын ширатты. Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, неғұрлым проблемалық бағыттар бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Облыс прокуратурасы азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауына ерекше назар аударды. Шектеу шараларының енгізілуіне қарамастан, прокуратура органдарында өтініштерді қабылдау және кеңестер беру үшін барлық жағдайлар жасалды. Нәтижесінде прокуратураға 11 мыңнан астам тұлға өз құқықтарын қорғау үшін жүгінген, 6 мыңға жуық өтініш мәні бойынша шешілді. 1875 азамат жеке қабылданды, ал қадағалау органының басшылығы 1159 азаматты қабылдады.

Мысалы, Абай ауданында шаруа қожалықтарының басшылары 4 айдан астам инвестициялық субсидиялауға берілген өтінімдердің қаралуын күткен. Тек прокуратура қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана олардың өтінімдері қаралып, шешімдерді алған.  Қабылданған шаралар нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің барлық 57 өтінімдері қаралып, субсидиялар беріліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Бородулиха ауданы тұрғындарының мәселесі  прокурордың қабылдауынан кейін шешілді. Прокуратура қызметкерлерінің араласуымен кейін ауыл тұрғындарына ауданы 4,5 мың га жайылымдық және шабындық алқаптары қайтарылды, ал 2,5 мың га жер қайтару сатысында.

Сонымен қатар, прокурорлардың көмегімен шамамен 400 млн.теңге сомаға 3 мың қызметкерге жалақы бойынша берешек өндірілді. Қабылданған шаралармен 375 млн. теңге сомасына алимент өндірілді, қылмыстық жауапкершілікке 91, ал әкімшілік жауапкершілікке 109 борышкер тартылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының қорғалуына да көңіл бөлінді. Дәрігерлік-консультативтік комиссия жұмысындағы кемшіліктер, оның ішінде күрделі операция жасалған адамдардың мүгедектігін уақтылы куәландырмау фактілері орын алғаны анықталды. Қадағалау актісімен облыстың 153 тұрғынына жәрдемақы тағайындалып, оңалту бойынша құқықтары қорғалды.

Прокуратураның араласуынан кейін туберкулезбен ауыратын азаматтар да ай сайынғы төлемдерін ала бастады. Нәтижесінде 79 млн.теңге төлем сомасында 900-ден астам тұлғаның құқықтары қорғалды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмыс белсендетілді, 114 баланы асырауға алған тұлғалар деректер банкіне енгізілді, 136 бала тұрғын үй алу кезегіне қойылды. Зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол сұғушылықты насихаттайтын 25 заңсыз сайт анықталып, бұғатталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, арнайы балалар ұйымдарының жүйелі проблемаларын зерделеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Семей, Аягөз және Өскемен қалаларындағы үш интернатта қауіпсіздік мақсатында прокуратураның бастамасы бойынша жазбаларды «бұлтты сақтаумен» бейнебақылау енгізілді. Мұндай жағдайда оны жою және өзгерту мүмкіндігі жоқ. Барлық осындай ұйымдарда полиция мен прокуратура қызметкерлерінің ұтқыр бекеттері құрылды. Жалпы жасөспірімдер қылмысының (219-дан 152-ге дейін), сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың (152-ден 123-ке дейін) тұрақты төмендеуі байқалады.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры Мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарына және прокурорлардың қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметіне назар аударып, осы жылға қадағалау органының қызметіндегі басым міндеттерін айқындады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы