ШҚО Күршім ауданында балалардың алимент алу құқықтары қалпына келтірілді

ШҚО Күршім ауданында балалардың алимент алу құқықтары қалпына келтірілді

Күршім ауданының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған балаларды асырау жөніндегі міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындаудан жалтарған 12 борышкерді анықтады.

Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өтеу бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде алимент бойынша берешек жалпы сомасы 950 мың теңгеге ішінара өтелді, 2 тұлға ресми түрде жұмысқа орналастырылды, бұл алимент төлемдерін тұрақты ұстап қалуға және аударуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 1 борышкер алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

  Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы