Риддер қаласы прокуратурасының денсаулық сақтау саласында жүргізген талдауы барысында азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, Риддер қалалық ауруханасының 2 326 пациенті қажетті тегін дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етілмеген.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар толық жойылып, барлық азаматтар қажетті дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді.
Мұндай фактілердің алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында аурухана басшылығы дәрілік заттарды тиісінше жоспарлау және уақтылы сатып алу бойынша жүйелі шаралар кешенін қабылдады.
Азаматтардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы