Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау шеңберінде түзеу мекемелерін жаңғыртуға және сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударуда. Прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылы ҚАЖ мекемелеріне 9 жаңа кәсіпкер тартылып, олар өндірістік учаскелер ұйымдастырып, қосымша жұмыс орындарын ашты. Нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті 2 мыңға жуық сотталғанның 1 475 немесе 77% еңбекке тартылып, еңбекпен қамту деңгейі 19 пайыздық тармаққа артты. Сотталғандар құрылыс материалдарын, жиһаз, ағаш бұйымдары мен металл конструкцияларын өндіруге тартылған. Өнім өткізу нарығын кеңейту мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірілген өнім облыс орталығындағы құрылыс дүкендері арқылы бөлшек және көтерме саудада сатылуда. №16 және №17 мекемелерде жылытылатын ангарлардың құрылысы аяқталып, олар Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің теңгеріміне берілді. Сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы