«Ұлан-Вет» ШЖҚ КМК қызметін тексеру барысында еңбек және бюджет заңнамасын, бухгалтерлік есеп қағидаларын, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, еңбекақыны заңсыз есептеу, қызметкерлерге негізсіз сыйақы беру, белгісіз төлемдер жасау, жалған іссапар шығындарын рәсімдеу және ТСВҚ (ұстау, стерилизациялау, вакцинациялау және жануарларды қайтару) бағдарламасын іске асыру кезіндегі заңбұзушылықтар әшкереленді.
Бұдан бөлек, персоналды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеу және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқытудан өтпеген адамдарды жұмысқа жіберу фактілері анықталды, бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төндірген.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 11,3 млн теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа және 2 басшы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бүгінгі таңда мемлекет кірісіне 5,5 млн теңге өндірілді.
Қалған соманы өндіріп алу және заңдылықты толық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы