Алтай ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы мен тиімділігіне жүргізген тексеру барысында «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де жымқыру фактісін анықтады.
Есепші бір жыл бойы екі бюджеттік спецификация бойынша өз банктік есепшотына 10 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңсыз аударып отырғаны белгіленді.
Осы факт бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2 тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алтай аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жас баласының болуына байланысты тағайындалған жазаны орындау кейінге қалдырылды.
Жымқырылған бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы