Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіруді жалғастыруда

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіруді жалғастыруда

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асыру аясында экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету, абаттандыру қағидаларын сақтау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу бағытындағы мемлекеттік органдардың қызметін жүйелі түрде үйлестіруде.

2026 жылдың басынан бері уәкілетті мемлекеттік органдармен 6 604 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 642 құқық бұзушы прокуратура органдарының үйлестіру жұмысының нәтижесінде жауаптылыққа тартылған.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтамауға байланысты. Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған, қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптарды бұзған, сондай-ақ ағаштар мен жасыл желектерді заңсыз кесуге және бүлдіруге жол берген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, қала және аудан прокурорларымен 94 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 73-і жойылды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 9 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 36 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде елді мекендер аумағынан 6,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Экологиялық қолайлы ортаны қамтамасыз ету, абаттандыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.


Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы