Шығыс Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды

Шығыс Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды

Шығыс Қазақстан облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен 7 әлеуметтік нысанның құрылысы мен реконструкциясы жүзеге асырылды.

Іске асырылған жобалардың қатарында Риддер қаласындағы жаңа көпбейінді аурухана кешені, Алтай ауданындағы МРТ орналастыруға арналған корпус, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бозанбай, Асубұлақ, Отрадное және Большая Речка ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары бар.

Аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің 3,5 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Құрылыстың барысы және қалған әлеуметтік маңызы бар нысанның уақтылы іске асырылуы ШҚО прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы