Катонқарағай ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талдау шеңберінде «АлтайКомхозСервис» КМК қызметінде еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.
Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы салдарынан 49 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқаны белгілі болды.
Қадағалау актісі бойынша қызметкерлердің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 27,8 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы