Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Шемонаиха ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, еріктілердің қатысуымен Уба өзенінің жағалау аумағын тазарту бойынша экологиялық акция өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзен жағалауы мен оған іргелес аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін арттыру.
ШҚО Шемонаиха ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға, стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге және табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға шақырады.
Таза қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы