ШҚО прокуратурасы білім беру грантын табыстады

ШҚО прокуратурасы білім беру грантын табыстады

 

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы «Күш бірлікте» жобасы арқылы кәмелетке толмағандарға тәлімгерлік институтын дамыту жұмысын жалғастыруда. Ағымдағы жылы жобаның екі белсенді қатысушысына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім беру гранттары табысталды.

Бүгін облыс прокурорының орынбасары Оңалбаев С.А. Алтай ауданының «№9 орта мектебі» КММ түлегі Құрманов Мерейге білім беру грантын табыстады. Екінші білім беру гранты Ұлан ауданының прокуратурасы тарапынан «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ түлегі Маутханов Саянға табысталды.

Түлектер мен олардың ата-аналары прокуратура мен университет басшылығына көрсетілген сенім, қолдау және назар үшін шынайы алғыстарын білдіріп, мұндай қолдаудың жоғары білім алуға және кәсіби дамуға одан әрі ұмтылуға маңызды ынталандыру болатынын атап өтті. Еске сала кетейік, аталған тәжірибе оң нәтижелерін беруде.

Өткен жылы білім беру гранты Алтай ауданының «№11 орта мектебі» КММ түлегі Малиновская Екатеринаға табысталған болатын. Қазіргі уақытта ол С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бірінші курсын сәтті аяқтады. Облыс прокуратурасы алдағы уақытта да тәлімгерлік және қамқоршылық институтын іске асыруды жалғастырып, жасөспірімдерге қолдау көрсетіп, олардың табысты әлеуметтенуі, білім алуы және заңға бағынатын азамат болып қалыптасуы үшін жағдай жасауды жалғастырады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы