ШҚО Алтай ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласына талдау жүргізу барысында алимент төлеуден қасақана жалтару фактісін анықтады.
Жергілікті тұрғын 2019 жылдан бастап өзінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындамай келген. Нәтижесінде 5 млн теңгеден астам сомаға берешек қалыптасқан.
Аудан прокуратурасының үйлесімді іс-қимылдары мен қабылдаған шараларының арқасында балалардың құқықтары қалпына келтірілді.
Алимент бойынша берешек толық көлемде өндірілді. Борышкер сот актісін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура органдары кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу, тәрбиелеу және оқыту міндеті заңмен тікелей ата-анаға жүктелгенін еске салады және өз міндеттемелерін уақтылы, ерікті түрде әрі жауапкершілікпен орындауға шақырады.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы