Облыс прокуратурасы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың салықты толық төлеуіне талдау жүргізді.
Талдау барысында жекелеген құрылыс салушылардың салық міндеттемелерін төмендетуге бағытталған схемаларды қолданғаны анықталды.
Атап айтқанда, сатылатын тұрғын үйлердің, соның ішінде коммерциялық үй-жайлардың құнының төмендетілуі, сатылған пәтерлердің нақты санының жасырылуы, сондай-ақ кәсіпорындардың кіріс бөлігін жасанды түрде азайту мақсатында жекелеген мәмілелерді сыйға тарту шарттары арқылы ресімдеу фактілері анықталды.
Талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдары қадағалау актілерін енгізді, олардың негізінде салық органдары тиісті тексерулер жүргізуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне 420 млн теңгеден астам қаражат төленді.
Осындай бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы