4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

2026 жылдың 4 маусымында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара аясында облыс прокуратурасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, оған барлық қызметкерлер қатысты.

Сонымен қатар, облыс орталығында биіктігі 40 метр болатын Мемлекеттік Ту салтанатты түрде бой көтерді. Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қызметкерлері де қатысып, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны екендігін тағы бір мәрте айқындады.

Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір қазақстандықтың ел тарихына, ұлттық құндылықтарына және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген құрметін білдіретін маңызды мереке. Осыған орай өткізілген іс-шаралар қызметкерлер арасында патриоттық сезімді нығайтып, мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыруға ықпал етті.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы