Халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне барды.
Іс-шара барысында балаларға сыйлықтар табысталып, жарқын да жағымды көңіл-күй сыйланды. Мұндай акциялар ерекше назарды, қамқорлық пен жылулықты қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Әрбір бала махаббатқа, мейірімге, қамқорлыққа және бақытқа толы ортада өссін!