Құқық қорғау және арнайы органдардың Үйлестіру кеңесінің отырысы

Құқық қорғау және арнайы органдардың Үйлестіру кеңесінің отырысы

Облыстың құқық қорғау және арнайы органдарының Үйлестіру Кеңесінің ZOOM-конференция алаңында өткен кезекті отырысында біз жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқыладық.

Қайғылы деректер келесідей: егер 2018 жылы автокөлік апатында 130 адам қаза тауып, 1514 адам жарақат алса, өткен жылы бұл көрсеткішер сәйкесінше 154 және 1827-ге дейін өскен. Апаттардың басым көпшілігі жүргізушілердің тәртіпке бағынбай, жол қозғалысының ережелерін саналы түрде бұзуымен орын алған. Атап айтқанда, талданатын мерзімде 700-ге жуық жүргізушілер жылдамдықты асырған, 130-дан астамы мас күйінде жол апатын жасаған, 53-і басып озу ережелерін бұзған.

Өкінішке орай, цифрлік технологиялар заманында біз әлі күнге дейін ескіше жұмыс істейміз. Мысалы, жол-көлік оқиғасы болды дейік, полиция инспекторлары өлшеулер жүргізуде. Мұның бәрі қолымен жасалады және кей кезде өлшеулер дәл болмауы мүмкін. Кейін адамдар сотқа жүгініп, қызметкерлердің білімсіздігі мен қателіктеріне шағымданады. Жеке жағдайларда олардың растығы дәлелденіп жатады. Оның үстіне, апат орнында бірден ұзақтан ұзақ көлік тығырығы пайда болатыны белгілі.

Бүгінде осының барлығынан құтылу мүмкіндігі бар. Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері жол-көлік оқиға схемасын компьютерлік форматта үлгілеуді ұсынды. Апат болған жерде фототүсірілім өткізу мүмкіндігі бар «Дрон» пилотсыз аппаратын қолданып, спутниктердің көмегімен фототүсірілімдерді кеңістікте байланыстыру ұсынылды. Бұл әдіс материалдардың сапасы мен шынайылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар өлшеу уақытын қысқартып, жол кептелісін болдырмайды.

Полиция департаменті бұл бастаманы қолдады. Енді бұл жүйені біздің облыста пилоттық жоба ретінде қалай енгізу керектігін әзірлеушілермен бірге ойластыруымыз қажет.

Уәкілетті органдардың жеткіліксіз жұмысына да байланысты себептер бар. Бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың жеткіліксіздігі, жол жөндеу кемшіліктері, сапасыз жол белгілеріне қатысты мәселелер.

Мәселен, Алтай қаласының жол бойында сауда нысандары бар орындарда кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін «Тоқтауға тыйым» белгілері анықталды. Олардың барлығы стандарттарға сәйкес келмейді және мемлекеттік органдардың келісімінсіз орнатылған.

Автотрасса маңайында жануарлардың бақылаусыз жүру мәселесі де мұқият талқыланды. Олармен соқтығысу салдарынан 8 адам қаза болып, 16 адам жарақат алған. Оқиғаларының ең көп саны Бородулиха, Ұлан және Жарма аудандарының жолдарында тіркелген. Облыс әкімдігіне қысқа мерзімде мал жаю ережелерін әзірлеп, онда жайылым орындары мен жоспарын нақты анықтап, оларды қажетті белгілермен қамтамасыз ету ұсынылды. Сондай-ақ, малдарды үркітетін құрылғылардың және электр қоршауларын орнату жүйелерінің артықшылықтарына назар аударылды.

Арнайы машиналардың қатысуымен болған жол оқиғалары да ерекше назар аударуды талап етеді. Аталған санаттағы көлік жүргізушілеріне жеке талаптар дайындау қажеттілігі де бар.

Кездесу қорытындылары бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар дайындау қажет деп танылды. Қабылданған шара нәтижелерін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қарау ұсынылды.

Біз кешенді жоспарды әзірлеу кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын жетілдіру бойынша Сіздердің бастамаларыңызды да қарауға дайынбыз. Өз ұсыныстарыңызды 7232111@prokuror.kz электрондық мекенжайға жолдауларыңызға болады.

https://www.facebook.com/100022397953016/posts/808489759907615/?d=n

Құсайын Игембаев, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры