Пилоттық жобаны енгізу туралы

Пилоттық жобаны енгізу туралы
Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту және Қазақстанда өкілеттіктерін нақты бөле отырып, үш буынды модельді енгізу – Мемлекет Басшысы біздің алдымызға осындай міндеттерді қойды.
 
Осы жылдың тамызынан бастап тапсырмаларды орындау аясында біздің облыста полиция және экономикалық тергеу Департаменттерімен бірігіп, электронды нысанда негізгі процестік шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаны іске асыра бастадық.
 
Пилоттың мәні - тергеуші барлық негізгі процесстік шешімдерді сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде электронды түрде қалыптастырады. Прокурор онлайн режимінде олардың заңдылығын тексереді, осы электрондық нысанда бұзушылықтар анықталған жағдайда қадағалау шараларын қабылдайды.
 
Бүгінде жоба өзінің қажеттілігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Бұл жаңалық кінәсіз азаматтардың қылмыстық іс жүргізу шеңберіне тартылуына жол бермейді және бұзушылықтарды болдырмау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
Жобаны сынақтан өткізген екі айға жуық уақыт ішінде біз электронды нысанда 2000-нан астам процестік құжаттарын тексеріп, келісімдедік. Ондаған азаматтардың құқықтарының бұзуылуына жол бермей, органдардың әрекеттерді саралау және қайталап саралау туралы 40 шешімін заңға сәйкес келтірдік.
 
Статистикалық карточкалардың уақтылы толтыруын қамтамасыз етіп, есептік тәртіп пен тергеу сапасын арттырдық.
 
Жаңалықтың тағы бір жағымды жағы-оның істерді тергеудің электрондық нысанға толық көшуіне бастама алаңына айналу мүмкіндігі болып табылады.
 
Тергеушілер де негізгі шешімдерді электронды келісу жобасының ыңғайлылығын атайды. Мұндай үлгі олардың уақыт шығындарын 10 есе азайтуға мүмкіндік берді. Осымен бірге, бұл жаңалық органдардың жұмысына теріс ықпалын тигізбейді және қосымша күштер мен құралдарды талап етпейді.
 
Біздің прокурорлар үшін де мұндай жүктеменің ауыртпалығы жоқ.
 
1 қазанда пилоттық жоба еліміздің барлық аумақтарында енгізілді.
 
https://www.facebook.com/100022397953016/posts/803048997118358/?d=n 
 
Құсайын Игембаев, ШҚО прокуроры