ШҚО прокуратурасы жұмыскерлерге жалақының төленуін қамтамасыз етті

ШҚО прокуратурасы жұмыскерлерге жалақының төленуін қамтамасыз етті

Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында «Самар» ШЖҚ КМК  қызметінде азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның 53 қызметкері ағымдағы жылдың екі айы бойы тиісті еңбекақыларын алмағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жұмысшыларының заңды құқықтары қалпына келтірілді. Жалақы бойынша 14 млн теңгеден астам берешек толықтай өтелді.

Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша (Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу) жауаптылыққа тартылып, оған 129 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүддесін қорғау прокуратура органдары жұмысының басым бағыты болып қала береді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы