Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын іске асыру аясында «Қауіпсіздік аумағы» атты митап өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын іске асыру аясында «Қауіпсіздік аумағы» атты митап өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын іске асыру аясында «Қауіпсіздік аумағы» атты митап өткізді. Іс-шара барысында облыстағы білім беру ұйымдары оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды. Жиналыс аясында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылды, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың мінез-құлқын бақылау бойынша ұсынымдар берілді.

Балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Altel/Tele2 байланыс операторларының өкілі SIM-KIDS қызметін таныстырды. Бұл қызмет ата-аналық бақылау функцияларын қарастырып, балалардың мобильді құрылғыларды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету және жағымсыз контентке қолжетімділікті шектеуге мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен және өзге де мүдделі органдармен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жұмысты жалғастырады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы