ШҚО аудан жастары «Заң мен тәртіпті» таңдайды

ШҚО аудан жастары «Заң мен тәртіпті» таңдайды

Глубокое ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен және білім бөлімімен бірлесіп «Бірлікте — күш» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның негізгі іс-шараларының бірі — өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған «Менің таңдауым — Заң» атты мектептік театрландырылған қойылымдар шығармашылық байқауы болды.

Құқықтық тәрбиеде интерактивті тәсілді жалғастыра отырып, аудан прокуратурасы оқушыларға театрландырылған қойылым форматында қатысуды ұсынды. Бұл оқушыларға кодекстердегі нормаларды тек оқып қана қоймай, сахнада күрделі өмірлік жағдайларды өздері бейнелеу арқылы терең түсінуге мүмкіндік берді.

Байқауға 200 оқушыдан құралған 15 команда қатысты. Өз қойылымдарында шығармашылық ұжымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерімен күрес, зиянды әдеттер мен нашақорлықтың салдары, кибербуллинг және интернет кеңістігіндегі әрекеттер үшін жауапкершілік сияқты өзекті тақырыптарды көтерді.

Байқау өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, әділдік идеологиясын, тұрақты құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауды нығайтуға және заңға бағынатын дүниетанымды дамытуға бағытталды.

Аталған бастама педагогтар мен ата-аналар тарапынан оң қолдау тапты. Байқау қорытындысы бойынша құқықтық дайындық деңгейі жоғары үздік ұжымдар дипломдармен және ұйымдастырушылардың естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жастардың жоғары белсенділігі мен қоғамның оң пікірлерін ескере отырып, «Менің таңдауым — Заң» байқауы жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы диалог алаңы ретінде жыл сайын өткізілетін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы