Өскемен қаласында жастар командалары арасында ауқымды хоккей турнирі өтті

Өскемен қаласында жастар командалары арасында ауқымды хоккей турнирі өтті

Хоккей турнирі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігі ұйымдастырған, өңірдегі жастар саясатының жаңа стратегиясы аясында өткен Winter-Sport-Fest қысқы спорт фестивалінің жалғасы болды.   Турнирдің ерекшелігі – оған қаладағы әртүрлі мектептердің оқушылары, сондай-ақ әуесқой және аула хоккейінің ойыншылары қатысып, 2008–2010 және 2012–2014 жылдары туған екі жас санаты бойынша 8 құрама команда жасақталды.   Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастарды спортқа және салауатты өмір салтына тарту арқылы патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, бірлік пен ынтымақ сезімдерін нығайту.  

Турнирге жергілікті кәсіпкерлер белсенді қолдау көрсетіп, қатысушыларға спорттық форма сатып алуға және жүлде қорын тағайындауға бастамашылық танытты.   Жарыс қорытындысы бойынша әр жас санатындағы жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.   Марапаттау рәсіміне облыс прокуроры Т. Сүлейменов пен облыс әкімі Н. Сақтағанов қатысып, жас хоккейшілердің жоғары дайындық деңгейін, командалық рухы мен тәртібін атап өтті.   Сондай-ақ марапаттау рәсіміне облыс прокуратурасы бұрын ұйымдастырған антинаркотикалық граффити фестивалі мен жастар арасындағы шаңғы жарыстарының жеңімпаздары да қатысты.   Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс прокуроры мұндай іс-шаралар жастар саясатының жаңа стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі екенін, оның мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, соның ішінде «Заң мен тәртіп» идеологиясының қағидаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақты жастар қауымдастықтары мен бастамаларын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.   Турнирлік хоккей облыс жастары, ата-аналар, педагогтер мен жаттықтырушылар тарапынан зор қолдауға ие болды. Спорт сарайының трибуналары лық толып, хоккей додасын тамашалап, командаларға жанкүйер болуға 4 200 адам жиналды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы