Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ШҚО прокуратурасы студенттерге арналған профилактикалық дәріс өткізді

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ШҚО прокуратурасы студенттерге арналған профилактикалық дәріс өткізді

 

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен студент жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру дәрісі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынатын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Дәріс барысында өзекті мәселелер, оның ішінде:

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл: Есірткі заттарының денсаулыққа зияны мен оны таратқаны үшін көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары,

Интернет-алаяқтықтан сақтану: Қазіргі таңда белең алған киберқылмыстардың құрбаны болмау жолдары мен қаржылық қауіпсіздік ережелері, буллингке қарсы күрес: Университет қабырғасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, психологиялық қысым мен қорлаудың алдын алу шаралары талқыланды.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі К.К. Хайдаров және Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Шакерова А.Т. қатысты. Прокуратура өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, заң шеңберінде кеңестер берді.
Прокуратура органдары мұндай алдын алу шараларын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.




Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы