«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық дәрістер өткізуде. Кездесулер барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне, оның ішінде буллингтің профилактикасына, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Өскемен қаласында 57 мектептік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Әрбір оқу орнына прокуратураның нақты бір қызметкері бекітілген. Өткізілген бірыңғай облыстық «Құқықтық сауаттылық сағаты» аясында облыстың барлық оқу орындарында прокуратура қызметкерлері дәрістер оқып, кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы