Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасымен бірлесіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып, өткізілді.
Мерекелік іс-шара жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы, түрлі байқаулар мен шығармашылық нөмірлер дайындалды. Жас қонақтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, жағымды эмоциялар қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай іс-шараларды өткізу – игі дәстүрге айналған және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларын қолдауға, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мерекені ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға қосқан үлесі үшін Мәдениет басқармасына алғыс білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы