«Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисі бойынша «Жаңа жылдық ракетка» ашық кубогы» атты спорттық іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері жас спортшылармен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға заңнаманы сақтау мәселелері, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ заңға бағынатын азаматты қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу заңдылық қағидаттарын нығайтуға, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және юниорлар арасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы