Жеңіл ақша құны - 15 жыл өмірің!

Жеңіл ақша құны - 15 жыл өмірің!

Наркологиялық қылмыстардың алдын алу аясында әлеуметтік желілерде азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартудың алдын алуға бағытталған «Жеңіл ақшаның құны — 15 жыл!» атты бейнеролик жарияланды.

Бейнематериал есірткі бизнесіне қатысудың нақты құқықтық салдарын, оның ішінде есірткі тарату және так называемый «закладчик» ретінде “жұмыс істеу” әрекеттерін айқын көрсетеді. Өмірлік мысалдар арқылы және жазаның бұлтартпастығына баса назар аудара отырып, ролик уәде етілген «жеңіл ақшаның» ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға және тағдырдың талқандалуына алып келетінін дәлелдейді.

Бейнероликтің негізгі мақсаты — әлеуметтік желі қолданушыларының бойында есірткі қылмыстарына тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және Қазақстан Республикасы заңнамасында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы еске салу.

Әлеуметтік желілерде бейнероликті тарату — азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жастар ортасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.



Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы