Шығыс Қазақстан облысында инвесторларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша прокуратураның жүйелі жұмысы жалғасуда.
Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 2 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.
Бизнеспен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен 42 кездесу өткізді.
Соңғы мысалдардың бірі – «Алтайская Форель» ЖШС-не қатысты жағдай.
Кәсіпкерге балықты тасымалдау үшін қажетті ветеринарлық анықтама бірнеше рет берілмей келген.
Бұған себеп – заңнамада көзделмеген, балықтың шығу тегі туралы құжатты талап ету болған. Бұл талап кәсіпорын жұмысының тоқтауына әкелген.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді — анықтама берілді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы