Университеттегі ашық сот процесі

Университеттегі ашық сот процесі

Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту мақсатында облыстық прокуратура Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен бірлесіп, жастарға арналған есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесін өткізді.

Айыпталушылар орнында тыйым салынған заттарды таратты деген күдікпен айыпталған 20 жастағы азамат болды.

Көрсетілімдік сот отырысының негізгі мақсаты студенттерді есірткі таратуға қатысудың нақты салдарымен, әсіресе «жасырын қойма» (закладка) түріндегі тарату әдісімен, көрнекі түрде таныстыру және заңнамада көзделген жазаның бұлтартпастығын көрсету болды. Сот процесі университет залында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген барлық процессуалдық нормаларының сақталуымен өтті. Аталған іс-шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты.

Көшпелі процесс студенттік аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды: білім алушылар алғаш рет нақты қылмыстық сот ісін жүргізудің қалай өтетінін көріп, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың қаншалықты ауыр екенін түсінді.

 

Шығыс Қазақстан облысысның прокуратурасы