
Кеше облыс прокуратурасында мектептердегі балалардың қауіпсіздігіне арналған ведомствоаралық жедел кеңес өтті. Талқылауға білім беру мекемелерінің басшылары, Психикалық денсаулық орталығы мен өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ ювеналды полиция өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты — оқушыларды қорғау және зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған нақты, түсінікті және тиімді тетіктерді әзірлеу. Қатысушылар атап өткендей: мектеп, психологтар және полиция арасындағы кез келген белгісіздік немесе өзара іс-қимылдағы алшақтық - балалар мен олардың отбасыларына тікелей қауіп төндіреді. Тәуекелдерді уақытылы анықтауды қамтамасыз ететін мектеп психологтарының бірыңғай жұмыс регламентін әзірлеу және ювеналды полиция инспекторларының тиімді жұмыс істеуі үшін олардың қатысу алгоритмдерін нақты келісу қажет. Кеңес қорытындысы бойынша балаларды қорғау мәселелері жүйелі көзқарасты және орындалуын қатаң бақылауды талап ететіні атап өтілді. Бұл баланың қауіпсіздігі бірінші орында тұратынын, ал формалды кедергілер мен бюрократия нақты көмек көрсетуге тосқауыл болмайтын тиімді және ашық профилактика жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы