1–4 желтоқсан аралығында Риддер қаласында «Заң және Тәртіп» Концепциясы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен ауқымды «Құқықтық десант» акциясы өтті.

1–4 желтоқсан аралығында Риддер қаласында «Заң және Тәртіп» Концепциясы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен ауқымды «Құқықтық десант» акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өзекті құқықбұзушылық түрлеріне басымдық бере отырып кешенді профилактика жүргізу, түрлі фокус-топтармен жұмыс жасау, қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, тұрақты құқықтық сананы және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру.

Акцияға облыс әкімдігі, Полиция департаменті, Экономикалық тергеулер департаменті қатысты. Колледж студенттері қатарындағы еріктілер де белсенді түрде тартылды.

Төрт күн бойы қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, тұрғындармен кездесулер өткізді. Зейнеткерлер, оқушылар мен ата-аналар, кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары, жастар қамтылды.

Кездесулердің негізгі тақырыбы – қауіпсіздік және заңға деген сенім болды. Қала тұрғындарына «Заң және Тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттары мен құндылықтары түсіндірілді.

Азаматтарға алаяқтардың, есірткі таратушылардың құрбанына айналмау жолдары, қауіпті белгілерді дер кезінде байқау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды интернет-қатерлерден, есірткіден, буллингтен қорғау жолдары түсіндірілді.

Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу және жауапкершілік туралы ескертілді. Автокөлік жүргізушілеріне жолдағы мәдениет туралы айтылды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылықтар түсіндірілді.

Қала Мәдениет сарайында цифрлық гигиена, қаржылық қауіпсіздік, бір ғана қате қадамға жасырынған қатерлерден қорғану туралы үлкен ағартушылық лекторий өтті.

Ірі сауда нысандарында тұрғындарға тегін заңгерлік консультациялар ұйымдастырылып, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Облыс прокуратурасы қазан айында Өскемен қаласында өткізген «Жастар есірткіге қарсы!» граффити фестивалінің жалғасы ретінде, риддерлік белсенді жастар бастаманы қолдап, «Соколок» қалалық стадионы маңындағы қабырғаларға өз граффитилерін орналастырды.

Сауда үйлеріндегі, қоғамдық тамақтану орындарындағы, халыққа қызмет көрсету орталығындағы LED-экрандарда профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

«Құқықтық десант» акциясы тұрғындардың қолдауына ие болып, «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша үлес қосты.

Позитивті пікірлер ескеріле отырып, Риддер қаласының тәжірибесі облыстың басқа өңірлеріне де таратылатын болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы