
Облыс прокуратурасы Полиция департаментімен және ШҚО әкімдігімен бірлесіп «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық десант» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Акцияның үшінші күні прокуратура қызметкерлері Риддер қаласының тұрғындарымен, оның ішінде кәсіпкерлермен және автокөлік иелерімен профилактикалық жұмысты жалғастыруда.
Кәсіпкерлерге «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының идеологиясы түсіндірілді, оның аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мен дамытудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Кездесу қатысушыларына бизнесті жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайту шаралары, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділік үшін ашық әрі айқын жағдайлар жасау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, оның ішінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, спирттік ішімдіктерді түнгі уақытта өткізуге тыйым салу және құқықтық тәртіп пен қауіпсіз кәсіпкерлік ортаны қамтамасыз етуге бағытталған өзге де нормалар түсіндірілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында есепте тұрған тұлғалармен және пробациялық бақылаудағы азаматтармен профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу, сондай-ақ қатысушыларда заң талаптарын сақтауға қатысты саналы және жауапты көзқарас қалыптастыру болды.
Автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін сақтау және жүргізу мәдениетін нығайту бойынша ұсыныстар берілді.
Риддер қаласының Мәдениет сарайында қаржылық сауаттылықты арттыру және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыптарында ағартушылық лектория ұйымдастырылды, онда арнайы дайындалған деректі бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан техникалық университетінің лекторы мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері шақырылды.
Қатысушылар интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық бойынша практикалық ұсынымдар алып, алаяқтық әрекеттердің нақты мысалдарын талқылады және лекторларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
«Құқықтық десант» жобасының Риддер қаласындағы жұмысы жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы