2-КҮН
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыс прокуратурасы Полиция департаментімен және ШҚО әкімдігімен бірлесіп Риддер қаласында «Құқықтық десант» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Іс-шаралар барысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясының негізгі бағыттарын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Аталған идеология заңдылықты нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және «Адал Азамат» қағидаттарын сақтай отырып, азаматтардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.
Бүгін прокуратура қызметкерлері 15 білім беру ұйымының оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізді. Қатысушыларға алаяқтықтың алдын алу шаралары, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына және оларды тұтынуға жол бермеу мәселелері бойынша ұсынымдар берілді. Осындай жұмыстар қала құраушы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен де жүргізілді: Риддер ЖЭО, «Водоканал», «Эталон» ЖШС.
Бұдан бөлек, Риддер қаласының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен және шаңғы спортымен айналысатын спортшылармен кездесулер өткізілді. Негізгі назар «дропперлікке» және есірткі құралдарының жарнамасын таратуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктің туындайтынын түсіндіруге аударылды.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 3 желтоқсан күні сағат 17:00-де Риддер қаласының Мәдениет сарайында қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне және алаяқтық әрекеттерден сақтану шараларына арналған дәріс өтетінін хабарлаймыз. Барлық қала тұрғындарын және қызығушылық танытқан азаматтарды қатысуға шақырамыз.
«Құқықтық десант» жобасының Риддер қаласындағы жұмысы жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы