«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлетуге бағытталған кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлетуге бағытталған кездесу өтті

      Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері, бөлім прокуроры Д. Рамазанов «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету, нәсихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына барып, мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді.

      Кездесу дәстүрлі дәріс форматында емес, семинар түріндегі ашық диалог алаңы ретінде ұйымдастырылды және оның барысында прокуратура өкілі заң талаптарының сақталуы, қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

       Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптің қашан да ең бірінші әркімнің өзінен басталатыны ерекше атап өтілді. Әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі, заңға және қызметтік міндеттеріне адалдығы қоғамдағы тәртіп пен сенімнің негізі екені айтылды. Сондай-ақ, кездесу барысында облыс прокуратурасының өкілі қазіргі уақытта кең таралып отырған алаяқтық фактілерінен сақтану, күмәнді қоңыраулар мен интернет арқылы жасалатын алдау әрекеттеріне алданбау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

      Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы алдағы уақытта да қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметте заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға өз үлесін қосады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы