Өскемен қаласындағы пробация қызметінде тіркелген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Өскемен қаласындағы пробация қызметінде тіркелген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

 

Пробация қызметінде тіркелген, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыты мамандық алуға және жұмыс табуға көмектесу болып табылады. Бүгін Өскемен қаласының прокуратурасы қаланың Мансап орталығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген азаматтармен кездесу ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты пробация қызметінде тіркелген адамдарға жұмыс табуға көмектесу, кеңес беру, бір реттік әлеуметтік көмек алуға көмектесу, қаржылық сауаттылық пен проблемалы қарыздар бойынша кеңес беру болды. Іс-шараға қатысқандар: Өскемен пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік департаменті, «Антарес-А» қоры, Жеке сот орындаушылары палатасы және «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілдері. Квота бойынша сотталғандарды жұмысқа орналастыруға он үш жұмыс беруші шақырылды. 21 адам кеңес алды, оның 8 - і сұхбатқа шақырылды.

 

Шығыс Қазақстан облысның прокуратурасы