Студенттер «Заң мен тәртіп» үшін!

Студенттер «Заң мен тәртіп» үшін!

     Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы еліміздің болашағы болып табылатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударады.Осы мақсатта прокуратура қызметкерлері мен ардагерлер мектеп оқушылары және студенттермен үнемі кездесіп, дәрістер мен пікірталастар өткізіп, жас ұрпақты мазалайтын сұрақтарға жауап береді.
     Статистика көрсеткендей, қазіргі уақытта қылмыстың 60%-дан астамын колледж студенттері жасайды.Осыған байланысты, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында прокурорлар облыс орталығындағы алты колледждің (Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі, Өскемен технология және қызмет көрсету колледжі, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі, Қ.Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі және Өскемен көпсалалы колледжі) студенттерімен «Жастар және заң: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізді.
Іс-шараға 500-ден астам студент қатысты.
     Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты - жастарды заңдылық пен тәртіпті сақтауға тарту және ынталандыру.
Студенттермен талқы қызу диалог түрінде өтті, онда прокурорлар қазіргі қоғамдағы мәселелер мен қылмыстардың, мысалы, қорқыту, құмар ойындар, алаяқтық, есірткіге тәуелділік және т.б. салдарын түсіндірді.
     Диалог барысында студенттер өз сұрақтарына жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер алды. Жалпыалғанда, кездесулер студенттерден оң пікірлералды.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық сана мәдениетін нығайтады және мемлекеттік органдар мен жасөспірімдер арасындағы сенімді диалогты қалыптастырады.
    Облыс прокуратурасы аталған саладағыжұмыстарын әрі қарай да жалғастыруда.
 

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы