
Өскемен қаласында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайту аясында облыс прокуратурасының бастамасымен облыс орталығы жастары арасында граффити фестивалі ұйымдастырылды. Бұл бастамаға қала әкімдігі, шығармашыл қауым және қоғамдық ұйымдар қолдау білдірді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын дарынды студенттер мен мектеп оқушылары Өскемен қаласында арнайы бөлінген алаңдарда өз өмірлік ұстанымдарын білдіретін, есірткіге қарсы бағыттағы жарқын граффити туындыларын жасады.
Жұмыстарды кәсіби суретшілер мен мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады. Олар қатысушылардың идеялық деңгейін, орындау техникасын және суреттердің эмоционалдық тереңдігін жоғары атап өтті.
Фестиваль андеграунд мәдениетінің заңды әрі шабыт беретін көрінісіне айналып, қаланың қабырғаларын азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымның манифестіне айналдырды. Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушылардың ынтасы, қазылар алқасының оң пікірлері және қала тұрғындарының жылы лебізі мұндай жобалардың жастардың дұрыс өмірлік бағдарын қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және заңға құрмет мәдениетін дамытуға зор үлес қосатынын дәлелдеді.
Облыс прокуратурасы есірткіге қарсы граффити фестивалін жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, бұл жобаны еліміздің барлық өңірлерін қамтитын деңгейде ұйымдастыру идеясы ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы