Облыс прокуратурасының қызметкерлері Республика күніне орай Қазақ-Америка еркін университетінің студенттеріне дәрістер өткізді.

25 қазанда аталып өтілетін мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкерлері Өскемен қаласындағы Қазақ-Америка еркін университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Шара жастардың құқықтық санасын оятып, патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған. Кездесу барысында прокурорлар студенттерге Республика күнінің тарихи маңызы және Конституция мен мемлекеттік институттардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жиі кездесетін қылмыстардың бірі - алаяқтыққа ерекше көңіл бөлінді. Қадағалау органының өкілдері онлайн және телефон алаяқтықтары сияқты негізгі түрлерін, алаяқтықты қалай тануға болатынын, өз құқықтары мен қаражатын қорғау үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндірді. Соңында прокурорлар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сауаттылық пен қырағылық - жеке қауіпсіздік пен заңсыз әрекеттерден қорғаудың маңызды факторы екеніне тоқталды. Прокуратураның жастарға құқықтық тәрбие беру бойынша жүйелі жұмысы аясында мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
 
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы